Электр желілерін зақымдағаны үшін «B&A CONTRACTORS SA» (Би &Эй Контракторс СА) ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Барлық жаңалықтар

2023-08-17

Электр желілерін зақымдағаны үшін «B&A CONTRACTORS SA» (Би &Эй Контракторс СА) ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент)кабельдікжелілерінің зақымдалғаны туралы «Қазақстан республика Мемлекеттік күзет қызметі» ММ-нен келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «B&A CONTRACTORS SA» (Би &Эй Контракторс СА) ЖШС2023 жылдың 23маусымдажер қазу жұмыстары кезінде0,4 кВ кабельдік желілерінзақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242, 243 тармақтарын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольтқа дейінгі электр желілерінің зақымдануы үшін«B&A CONTRACTORS SA» (Би &Эй Контракторс СА) ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды.Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау

 мен бақылау комитетінің Астана қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ