Астана әуежайының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі кезекті семинар-тренингін өткізді

Барлық жаңалықтар

2023-08-09

Астана әуежайының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі кезекті семинар-тренингін өткізді

Елордалық әуежайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Л. Е. Джунусованың қатысуымен «квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинарда Қоғам қызметкерінің жоғарыда көрсетілген декларацияны электронды түрде – «салық төлеуші кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-salyqazamat мобильді қосымшалары арқылы жасалатын іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

Қоғам қызметкерлерін неғұрлым толық қамту мақсатында өткізілген тренинг барысында «ZOOM» сервисі пайдаланылды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ