Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана халықаралық әуежайындағы жөндеу аяқталды
Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталды. 15-шілдеде басталған жөндеу жұмысы кезінде 11:00-18:00 аралығында ұшу-қону жолағы жабылған еді. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуына орай ұшу-қону жолағы штаттық режимде қолданысқа берілді.
Ағымдағы жөндеу кезінде ұшу-қону жолағына 6000 шаршы метр ыстық асфальт төселіп, 9000 шаршы метр перрон аумағы жаңарды. Ұшу-қону жолағындағы жол белгілері толық боялды.
Жөндеу кезінде ұшу-қону жолағындағы шамдар да жөндеуден өтіп, кейбірі ауыстырылды. Мәселен ұшу кезіндегі жарықтандыру қызметі 1000 метрден астам кабельді жаңартты. Ұшу-қону жолағының жөндеу жұмысына 30 қызметкер жұмылдырылды.
«Ағымдағы жөндеу ішкі және халықаралық рейстердің орындалуына кедергі келтірген жоқ. Жөндеу жұмысының сапалы әрі уақытылы аяқталуы өзіміздің жіті бақылауымызда болды. Осы кезеңде әуежай қызметіне қолдау білдіріп, кейбір қолайсыздықтарға түсіністік танытқан жолаушыларымызға алғыс айтқым келеді. Астана халықаралық әуежайы әрі қарай өздеріңізге толық қызмет етуге әзір», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: