ҚР ірі көлік кәсіпорындары бірлескен жобаларды бастауда

Барлық жаңалықтар

2023-06-28

ҚР ірі көлік кәсіпорындары бірлескен жобаларды бастауда

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ,
«Uvu International Ltd, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Qazaq Air», «Fly Arystan», «Scat» авиакомпанияларымен бірлесіп пилоттық режимде бірқатар жобаларды іске қосуда.

Олардың ішінде «тұрақты шаттл» қызметін және «Ұшақтан үйге» (Астана шегінде) трансферін атап өтуге болады.

Жан-жақты талқылау нәтижесінде тараптар бірқатар шешімдер қабылдады.

«Тұрақты шаттл» жобасы бойынша 29 маусымнан бастап «Қосшы қаласы - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – Нұрлы Жол теміржол вокзал кешені» бағыты іске қосылады.

Жолаушыларды жайлы шағын автобустар тасымалдайтын болады.

«Тұрақты шаттл» күнделікті жөнелтіледі:
- сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына;
- сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына;
- сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға;
- сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға дейін.

Қызмет құны 950 теңгені құрайды.

Өз кезегінде «UvU International Ltd» мемлекеттік тіркеу нөмірлері мен шағын автобустардың санын ұсынады, ал елордалық әуежай шағын автобустардың тұрақ орнын анықтайды және өзінің тұрақ аймағына рұқсаттаманы қамтамасыз етеді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ