Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Мамыр айында Астана әуежайында қараусыз қалған 53 зат анықталды
1-31 мамыр аралығында "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында" анықталған қараусыз қалған заттар мен багаждың 53 фактісі тіркелді. Барлық жағдайларды авиациялық қауіпсіздік қызметі полицияның желілік бөлімімен бірлесіп, сондай-ақ қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып атқарып шықты.
Айта кету керек, әуежай қызметкерлері барлық қараусыз қалған заттарға ұқыпты қарайды. Алайда, әуе қауіпсіздігі процедураларына сәйкес қараусыз қалған зат (багаж, сөмке, заттар және т.б.) ықтимал қауіп ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты, әуе қауіпсіздігі қызметі барлық жолаушылардан, сондай-ақ елордалық әуежайға келушілерден өз заттарына мұқият қарауды және оларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ басқа адамдарға сенбеуді және тасымалдау үшін бейтаныс адамдардан заттар мен сәлемдемелерді қабылдамауды сұрайды.
Егер күдікті заттар табылса, ешбір жағдайда оларға қол тигізуге және олардың жанында болған кезде ұялы байланысты пайдалануға болмайды. Күдік туса әуежай қызметкерлеріне немесе Құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабарлау қажет.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: