​​«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Хамзин авиациялық жанар-жағармай тапшылығын жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтты

Барлық жаңалықтар

2023-05-24

​​«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Хамзин авиациялық жанар-жағармай тапшылығын жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтты

«Әуежайдағы жанармай құны транзиттік рейстерді орындау үшін жаңа авиакомпанияларды толық тартуға мүмкіндік бермейді. Авиациялық жанар-жағармай тапшылығын жою үшін мұнай компанияларын отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеуді ұлғайтуға, тек Ресей Федерациясынан ғана емес, басқа шекаралас елдерден импортты кеңейтуге, сонымен қатар басқа шекаралас елдерге де өндіріс тапшылығы кезеңіндегі қорлар үшін авиациялық жанар-жағармай импорты бойынша ұлттық оператор құруға жағдай жасау керек», - деді Д. Хамзин. Сондай-ақ Д.Хамзин әуежайлардағы тарифтерді шектеуді және бекітуді алып тастауды, транзиттік тасымалдардағы кедендік «кедергілерді» жоюды, авиациялық жанар-жағар майларды тікелей сатып алуға мүмкіндік беруді, еркін сауда аймақтарын құруды ұсынды. Еске салайық, Астана халықаралық әуежайы екінші жыл қатарынан инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасы бойынша Қазақстанның ең үздік әуежайы болып табылады, бұл SKYTRAX халықаралық сыйлығымен расталады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ