Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Халықаралық Астана әуежайының қызметкерлері адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатымен өткізілген тренингке қатысуда
«Халықаралық Астана әуежайы» акционерлік қоғамы (АҚ) және және Winrock International жүзеге асыратын АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) «Орталық Азияда қауіпсіз көші-қон» жобасы (Safe Migration in Central Asia – SMICA) бірігіп 100 әуежай қызметкерлері үшін адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау және белгілі протокол бойынша сәйкес органдарға бағыттау бойынша бірқатар тренингтер өткізді.
«Әуежай қызметкерлері мәжбүрлі жұмысқа жіберілетін немесе басқа да қанау түрлерінің ықтимал құрбандарының бойындағы күдікті белгілерді бірінші болып байқай алады. Ықтимал адам саудасының құрбандарын анықтау және оларға уақытылы көмек көрсету - бұл қылмыстың алдын алудың алғашқы қадамы. Сондықтан біз USAID «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы ұсынып отырған бұл тренинг адам саудасымен күресте қуатты құралға айналып, қауіпсіз көші-қон ортасын құра алады деп ойлаймыз», - «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасының Қазақстандағы жетекшісі Альбина Тортбаева айтты.
Тренингке қатысушылар еліміздің білікті мамандарынан адам саудасының нысандары, адам саудасына қарсы күрес саласындағы ұлттық және халықаралық заңдар мен нормалары туралы білім алды. Қатысушылар ықтимал адам саудасымен айналысатын қылмыскерлер мен сауда құрбандарының психологиялық портреті мен профилінегіздерімен танысты және оларға тап болған кездегі алгоритм мен іс-әрекет тәртібін пысықтады.
«Адам саудагерлері адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау үшін көбінесе пойыздарды, автобустарды, ұшақтарды пайдаланады. Әлемдік тәжірибеде жерүсті қызметтерінің қызметкерлері адам саудасының құрбандарын анықтап, оларды көмекке жіберген жағдайлар бар. Сондықтан мұндай тренингтер авиакомпаниялар мен авиатасымалдаушылар үшін өте маңызды», - дейді осы семинар тренері «Родник» Әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының директоры Нина Балабаева.
Авиация – адам саудагерлері пайдаланатын көлік түрлерінің бірі. Адам саудагерлерінің басқаларды бас бостандығынан айыру үшін авиация саласын пайдалануы адам құқықтарын жол беруге болмайтын және өрескел бұзу екенін түсіну өте маңызды. Кабиналық экипаж мүшелері жолаушыларды белгілі бір уақыт аралығында бақылай алатын бірегей жағдайға ие, бұл оларға адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау және кез келген күдік туралы ұшу экипажы мен тиісті мемлекеттік органдарға хабарлау үшін өздерінің қырағылығын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте біз адам саудасымен күресте авиацияның маңызды рөлін мойындау қажеттігін түсінеміз.
«Астана қаласының халықаралық әуежайы Қазақстандағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлемі бойынша бірінші орынды алатын әуежай және Орталық Азия елдерінің ең жұмысбасты әуежайларының бірі болып табылады. Осыған байланысты, әуе арқылы тасымалдануы мүмкін адам саудасы мен еңбек және жыныстық қанаудың ықтимал құрбандарын тану арқылы адам саудасының алдын алуда әуежай қызметкерлерінің білімін арттыру маңызды», - деп семинар тренерлерінің бірі болып табылатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова айтты.
Қауіпсіз көші-қон ортасын құру және адам саудасымен күресу үшін SMICA өңірлік жобасы сонымен қатар халықаралық Алматы әуежайы, «Манас» халықаралық әуежайы, «Uzbekistan Airports» және Орталық Азиядағы компаниялардың басқа да бірқатар транспорт және көлік тасымалдау мекемелерімен ынтымақтастықты дамытуда.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: