Елорда әуежайында жемқорлыққа қарсы семинар-тренинг өтті

Барлық жаңалықтар

2023-02-28

Елорда әуежайында жемқорлыққа қарсы семинар-тренинг өтті

Елордалық әуежайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және ағымдағы кезеңдегі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл практикасы» және «ҚР қоғамдық бірлестіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді.

Негізгі мақсат - әуежай қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында оқыту және оларды сыбайлас жемқорлықтан бас тарту рухында тәрбиелеу.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің мамандары, Астана қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры және «Adildik Joly» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана филиалының басшысы Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық жағдайлары туындаған жағдайда олардың іс-қимыл тәртібі және Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі туралы түсіндірілді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ