Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Жаз мезгіліне жоспарланған ұшу-қону жолағын ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы
Жоғарыда жазғанымыздай, ағымдағы жылдың 15 шілдесінен 8 тамызына дейін елордалық әуежайдың ұшу-қону жолағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Азаматтық авиацияда әуеайлақты қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес және ұшулардың қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ететін әуеайлақтың жасанды жабындарын пайдалану мақсатында жөндеу жыл сайын жүзеге асырылады.
Ұшу навигациясының уақытша шектеулері күндізгі уақытта 7 сағат ішінде 11:00-ден 18:00-ге дейін (жөндеу жұмыстарының уақыты) жоспарланады, қалған уақыт аралығы әуежай штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Әуекомпаниялар жөндеуге дейін 5 ай бұрын хабардар етіледі, осылайша олар рейстердің тоқтатылуына жол бермей, брондау жүйелеріндегі кестені түзетеді.
Жалпы ҰҚЖ әуеайлақ жабындарындағы, такси жолдары мен перрондардағы ұсақ зақымдарды жою бойынша жұмыстардың мынадай түрлері жоспарланған:
- ақауы бар асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын фрезерлеу;
- жарық сигналдық жабдықтың және қайталама жарықтың тереңдетілген шамдарын ауыстыру;
- жаңа асфальтбетон жабынын төсеу;
- деформациялық жіктердің құрылысы;
- таңбалау белгілерін салу.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: