Астана әуежайы өңірлік фармацевтикалық хаб құруға ниетті

Барлық жаңалықтар

2023-02-20

Астана әуежайы өңірлік фармацевтикалық хаб құруға ниетті

Кәсіпорын елордалық әуе айлағы үшін жаңа жүк түрлерін - ауыл шаруашылығы өнімдерін, теңіз өнімдерін, автомобильдерді, қосалқы бөлшектер мен дәрілік заттарды тиеуді жүзеге асыруға бағытталған
Ел Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ транзиттік әлеуетті және жүк тасымалын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
2020 жылы кәсіпорын өз қызметінің стратегиясын түзетіп, әуе кемелеріне қызмет көрсету және жанармай құю үшін Қазақстан астанасына шетелдік жүк және транзиттік рейстерді тарту жөніндегі жұмысты жандандырды. Нәтижесінде 2021-2022 жылдары 4 мыңға жуық жүк транзиттік рейсіне қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, елордалық әуежай бірқатар ірі жүк авиакомпанияларына орналасуды ұсынды. Бүгінгі таңда Астанада AeroTransCargo, ASL Airlines және Challenge Airlines орналасқан. Сондай-ақ, 2022 жылдың аяғы мен ағымдағы жылдың басында Льеж және Люксембург жүк терминалдарында танысу кездесулері және Қазақстанда Turkish Cargo, Air Belgium Cargo және Cargolux-пен табысты келіссөздер өткізілді.
Астана жүк терминалын дамыту бойынша ірі логистикалық компаниялармен ынтымақтастық жалғасуда. 2022 жылы аутсорсингке ауыстыру шеңберінде ALS Logistics компаниясымен келісім жасалды, ол ағымдағы жылдан бастап қолданыстағы жүк терминалын 40%-ға кеңейтуге және ауданы 1800 шаршы метр жаңа нысан салуға қаражат салуға міндеттенеді.
Сонымен қатар, әуежай аумағында қоймасы бар басқа жүк операторларымен ынтымақтасады. Атап айтқанда, e-commerce жүктеріне қызмет көрсету үшін жеке терминал құру жоспарлануда, «Қазпошта»-мен халықаралық пошта алмасу пунктін (ММПО) құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ал «СК-Фармациямен» ынтымақтастық шеңберінде әуежай аумағында фармацевтикалық хаб құру көзделуде.

Бұған дейін хабарланғандай, елордалық әуежай өткен жылы әуежайды дамытудың 2052 жылға дейінгі бас жоспарын әзірледі. Жаңа стратегия теміржол, автомобиль және әуе жүк тасымалдарын қосу үшін әуежайға теміржол инфрақұрылымын әкеле отырып, мультимодальды хаб құруды көздейді.
Мультмодальды хаб елордалық әуе айлағы үшін жүктердің жаңа түрлерін – тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, теңіз өнімдерін, автомобильдер мен автомобиль бөлшектерін, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Таяу Шығыс пен ҚХР елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ