Әуежайды дамытудың 2052 жылға дейінгі бас жоспары мемлекеттік органдарға таныстырылды

Барлық жаңалықтар

2023-02-18

Әуежайды дамытудың 2052 жылға дейінгі бас жоспары мемлекеттік органдарға таныстырылды

Елордалық әуежайда әуе айлағының басшысы Дәулет Хамзиннің төрағалығымен 2052 жылға дейінгі даму жоспары таныстырылды. Іс-шараға министрліктердің, әкімдіктің, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ, ҚР ҰҚК және АЗРК өкілдері қатысты.

Мәселен, жаңа ұшу-қону жолағын орналастыра отырып, іргелес аумақты және инфрақұрылымды көрсете отырып, әуежайдың өткізу қабілетін талдау, жер пайдаланудың нұсқалары мен кезең-кезеңімен дамыту ұсынылды.
Дамудың негізгі бағыттарының бірі әуежай аумағында мульти-модальды логистикалық хаб құру болып табылады.
Жиынға қатысушылар әуежайдың даму әлеуетін және таңдалған даму жолдарын жоғары бағалады.

Бас-жоспар жер учаскелерін пайдалануды, құрылысты, жаңа инфрақұрылым объектілерінің параметрлері мен технологиялық схемаларын – қону жолағын, перронды, терминалдарды, ангарларды, бокстарды, сондай-ақ қажетті ресурстарды, оның ішінде арнайы техника мен персоналды кезең-кезеңмен жоспарлауды қамтиды. Осы бас-жоспардың негізінде болашақта компанияны дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленетін болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ