Елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин алдыңғы аптада еуропалық әріптестерімен кездесті.

Барлық жаңалықтар

2023-02-13

Елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин алдыңғы аптада еуропалық әріптестерімен кездесті.

Елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин алдыңғы аптада еуропалық әріптестерімен кездесті. Кездесуде ол әуежай инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанға әуе компанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Елордалық әуе айлағының басшысы Бельгияның Льеж қаласында Air Belgium, ASL және қалалық әуежай өкілдерімен кездесу өткізді.

Air Belgium және Hongyuan Group компаниясымен кездесуде Дәулет Хамзин жүк транзиттік рейстерін орындау мүмкіндіктерін, сондай-ақ астаналық әуежайдың әлеуетін және оның Орталық Азия аймағындағы басқа әуежайлармен салыстырғанда артықшылығын талқылады. Air Belgium әуе компаниясы әуе кемелеріне жанармай құю мақсатында, сондай-ақ коммерциялық жүк рейстерін орындау мақсатында рейстер жасау үшін Астана қаласының әуежайына қызығушылық танытты.

ASL Airlines-пен кездесуде жер үсті қызмет көрсету жөніндегі директор Род Найт өткен 7 айдағы бірлесе жасалған жұмыстарды қорытындылады. Істің ағымдағы жағдайын және одан әрі ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективалары талқыланды.

Льеж әуежайының логистика және коммерциялық жүктер бөлімінің басшысы Фредерик Бран жүк рейстерін тарту мен қызмет көрсетуде, Орталық Азия өңірінде және тұтастай алғанда Қазақстанда жүк бизнесін дамытудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол сондай ақ Астана әуежайының жүк хабы ретіндегі әлеуетін атап өтті.

Сонымен қатар, Астана әуежайының өкілдерін әлемдегі ең ірі тауар дистрибьюторы және Cainiao жүк операторы Alibaba Қытай холдингі салған Льеж әуежайының жүк терминалының жұмысымен таныстырды.

Люксембургте әлемдегі ең ірі жүк тасымалдаушылардың бірі Сargolux базалық хабында компания президенті Ричард Форсонмен және бірінші вице-президент Максим Штрауспен кездесті. Астана әуежайы арқылы транзиттік рейстерді орындау бойынша әуежай менеджментінің жобасы және оның көрші елдердің басқа әуежайларымен салыстырғанда тартымдылығы ұсынылды. Дәулет Хамзин сонымен қатар Люксембургте Еуропаның ең ірі LUXAIR CARGO жүк терминалында жүктердің барлық түрлеріне қызмет көрсету жұмыстарымен танысты.
Кездесуде ол әуежай инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанға әуе компанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ