Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерінің жалақысы ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 90 пайызға артты.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерінің жалақысы ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 90 пайызға артты. Сонымен қатар ең төменгі және ең жоғары жалақы арасындағы алшақтықты азайту тұрғысынан оңтайлы өзгерістер байқалады.
Елордалық әуежай өкілдерінің айтуынша, көптеген жүйелік мәселе әдетте қалыптасқан қаржылық жағдайдың жақсаруына байланысты шешіледі. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 90 пайызға артып отыр. Өткен жылдың басында бұл көрсеткіш 108 мың теңгені құраса, ендігі кезекте 200 мың теңгеге жетіп отыр. Орын алған оңтайлы өзгерістер негізінен өндірістік персонал, оның ішінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерлеріне, жүргізушілерге және агенттерге қатысты.
Сондай-ақ елордалық әуежай әкімшілігі өз қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін түбегейлі шешуге бет бұрды. Мәселен, қазіргі таңда «Отбасы банкімен» келісім жасалып, аталған құжатқа сәйкес кәсіпорын қызметкерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жеңілдетілген қарыздар алу үшін кепілдік беретін болады.
«Ең алдымен, біз мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасыларды, жалғызбасты ата-аналарға қолдау көрсетіп, көмектескіміз келеді. Жуық шамамен 50-100 шақты отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді халықаралық әуежайдың басшысы Дәулет Хамзин.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: