Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында көлік тұрағының қызметі жаңартылды.

Барлық жаңалықтар

2023-02-02

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында көлік тұрағының қызметі жаңартылды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында көлік тұрағының қызметі жаңартылды. Атап айтқанда, автомобиль нөмірлерін автоматты түрде танитын жүйе енгізілді. Өз кезегінде аталған жаңа жүйе икемділігімен және төлем жасаудағы түрлі опцияларымен ерекшеленеді. Осылайша, төлемді QR код, карта, қолма-қол есеп айырысу, банктік қосымшалар арқылы жасауға болады. Бұрын-соңды пайдаланылған кешен жолаушыларға көптеген қолайсыздықтар тудырғанын атап өткен жөн. «Жаңартылған жүйе көлік есебін, оның ішінде шетелдік нөмірлер тағылған автокөліктердің есебін дәл жүргізеді. Жүйе сондай-ақ қымбат RFID билеттерін сатып алу шығындарын алып тастады. Сәйкесінше, аутсорсингке шығарылғаннан кейінгі тұрақ кірісі 2 есе өсті. Бұл ретте тарифтердің көлемі сол деңгейде қалғанын ескерген жөн», деп бөлісті халықаралық әуежайдың басшысы Дәулет Хамзин. Елордалық әуе айлағының басшылығы жаңа жүйені енгізу автотұрақ кеңістігін ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді деп санайды. Яғни, бұрын жүргізушілер өз көліктерін терминалдарға мүмкіндігінше жақын қоюға тырысса, қазіргі таңда көліктің бір бөлігі қашықта орналасқан бос көлік тұрақтарына бағытталады. Көлігін автотұрақтарда ұзақ мерзімге қалдырған азаматтарға ыңғайлы болу үшін P4-P6 аймақтарында тариф көлемі сағатына 50 теңгеге дейін төмендетілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде әуежайда бір сағаттан аз көлемде болатын адамдар үшін жақын маңдағы R1-R3 автотұрақтары босады. Сондай-ақ жолаушыларды түсіру және отырғызу желісінде көліктің ұзақ тұрғаны үшін айыппұл қарастырылғанын атап өткен жөн. Бұл ретте аталған желі әлі де тегін, алайда онда тұрақтау 15 минутқа дейін шектелгенін атап өткен жөн. Әуежай әкімшілігі бұл уақыт аралығы жолушыны қарсы алып, шығарып салу үшін әбден жеткілікті деп санайды. Дей тұрғанмен, көптеген жүргізушілер берілген бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланбайды. Тіпті, автомобильдерді жол бойында қалдырып, олар өз кезегінде кептелістің туындауына себеп болып жатады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ