Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайындағы шекара бақылауын ешбір кедергісіз 15 секундта өтуге болады
Астана қаласының әуежайында шекара бақылауын контактісіз өтуге арналған гейттер орнатылды. Арнайы терминалдар халықаралық рейстердің келу және кету аумағында паспорттық бақылау аймағының жанында орналасқан.
Q-gate мультибиометриялық терминалы-Regate Technologies компаниясы әзірлеген толығымен қазақстандық өнім. Енді әуе жолаушыларына ұзақ уақыт кезекте тұрудың қажеті жоқ. Паспорттық бақылаудан өту процесі 15 секундтан аспайды. Терминал әуежайдың жолаушылар ағынын нақты уақыт режимінде сауатты басқаруға мүмкіндік береді. Жүйе барлық тексеру рәсімдерінен өту процестерін автоматтандырады.
Терминал қазірдің өзінде әуе жолаушылары арасында танымал болып отыр. 2022 жылы терминал арқылы Қазақстанның 6000-нан астам азаматы өтті. Терминал арқылы өту үшін құжаттар сканеріне ҚР паспортының түпнұсқасын тигізу қажет. Одан кейін, егер жүйе талап етсе, қағаз немесе электронды отырғызу талонындағы штрих-код сканерленеді. Бетті тану үшін камераға міндетті түрде қарап, екінші есіктердің ашылуын күтіп, терминалдан шығу қажет.
Терминалды барлық азаматтар пайдалана алады:
1) шетелдік азаматтар және ҚР паспорты жоқ адамдар;
2) 18 жасқа толмаған адамдар (ата-аналар балаларды паспорттық бақылау кабинасына алып, бірге баруы керек);
3) мүгедектер арбасында қозғалатын мүмкіндігі шектеулі адамдар.
Терминал арқылы тек бір-бірден өтуге болады. Кішкентай жануарлар арнайы тасымалдағышта болса, олармен де өтуге рұқсат етіледі. Идентификация алдында бетті жабатын барлық заттарды (маскалар, көзілдіріктер, бас киімдер, шарфтар және т.б.) алып тастау, сондай-ақ дұрыс оқылмауды болдырмау үшін төлқұжатты мұқабадан шығару керек.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: