Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артуда

Барлық жаңалықтар

2023-01-24

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артуда

ҚР мен БАӘ авиациялық биліктері арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15-17 қаңтардағы БАӘ–ге сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артуда.
Осылайша, авиатасымалдардың қолжетімділігі және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында «Fly Dubai» әуекомпаниясы 26 қаңтардан бастап Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер санын аптасына 10-нан 14-ке дейін және 28 қаңтардан бастап Дубай-Алматы бағыты бойынша аптасына 10-нан 14-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай – ақ, 28 ақпаннан бастап «Fly Dubai» әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) Шымкент-Дубай бағыты бойынша рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. «Fly Dubai» әуекомпаниясының ұшулары Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.
Рейстер санының артуы екі ел арасындағы туристік, іскерлік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ