Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Дәулет Хамзин: әуежайда қызметкерлерді оқыту стратегиялық мақсаттарға жетудің маңызды құралы
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Алматыда Азаматтық авиация академиясының базасында «Кәсіби мамандардың жаңа буыны - азаматтық авиацияны трансформациялаудың негізі» атты форумы өтті. Іс-шараға қазақстандық әуежайлардың, авиакомпаниялардың өкілдері, сондай-ақ авиация ардагерлері, ұшқыштар, Азаматтық авиация академиясының қызметкерлері қатысты. Өз сөзінде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин әуежай қызметкерлерін оқыту ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қалай әсер ететінін айтты. «Әуежайдың стратегиялық мақсаттарын іске асыру жолындағы жетістік көбінесе қызметкерлердің стратегиялық мақсаттардың мазмұны туралы қаншалықты білетініне және оларға қол жеткізу үшін жұмысқа қаншалықты дайын екеніне байланысты. Басқару құрылымы мен қағидаттарын жылдам өзгерту қажеттілігі, ұйымның бәсекелестік жағдайында өмір сүру қабілетін арттыру әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеуге көшуді талап етеді. Бұл стратегияларды жүзеге асыру басшылардың да, қатардағы қызметкерлердің де кәсіби дайындығының жоғары деңгейін талап етеді», - дейді Дәулет Хамзин. Әуежай персоналын кәсіби дамыту жүйесі қызметкерлердің біліктілік деңгейін өндіріс талаптарына сәйкес келтіруге, олардың еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған, деп сендірді Дәулет Хамзин. Ол сондай-ақ әуежай қызметкерлерінің кәсіби дамуы тиісті жылға арналған қызметкерлердің біліктілігін арттыру Жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. «Әуежайдың оқытылған қызметкерлерінің жалпы саны 2022 жылдың 10 айында 354 қызметкерді құрады. Әуежай персоналы «әуе кемелерін мұздан тазарту», «қауіпті жүктерді тасымалдау», «авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау», «әуеайлақты қамтамасыз ету», «әуе кемелерін бақылау», «ұшу алдындағы тексеру», «ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәуекел-менеджмент» бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыды. Сонымен қатар, әуежай әлемдік стандарттарға сәйкес келетін әуежай қызметі мен персоналды дамыту бойынша оқыту бағдарламаларын енгізу саласында отандық және халықаралық орталықтармен ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн», - деп түйіндеді Дәулет Хамзин. Айта кетейік, әуежай білікті кадрлармен қамтамасыз етілу мақсатында азаматтық авиация Академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Атап айтқанда, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқу процесіне қатысу, халықаралық, ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді бірлесіп өткізу, ақпарат алмасу және өзара кеңес беру, түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. «2022 жылдың қаңтар айынан бастап әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінде Академияның 50 студентіне тәжірибе ұйымдастырылды. Нәтижесінде академияның 15-тен астам түлегі әуежайдың құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Intermediate деңгейінен төмен емес ағылшын тілін біле отырып, әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету кезінде жұмыстарды орындауға персоналды оқытуға қажеттілік бар», - деп қосты ол. Анықтама: 2012 жылы елордалық әуежай базасында азаматтық авиация қызметін оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі стратегиялық басым міндеттерді шешу үшін оқу орталығы құрылды. Оқу орталығы авиациялық қауіпсіздік және жерүсті қызмет көрсету саласында персоналды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады. Оқу орталығының қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы мақұлдады және қолдады. Оқыту Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мақұлдаған әуежайдың Оқу орталығы әзірлеген оқу бағдарламалары, тақырыптық мазмұны, модульдердің атауы және оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі. Оқу орталығы әуежай персоналын және азаматтық авиацияға тартылған бөгде ұйымдарды даярлауды және қайта даярлау бойынша оқыту жұмыстарын жүргізеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: