Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
«Turkish Airlines» Анкара-Астана-Анкара бағыты бойынша рейсті іске қосты
Рейстің алғашқы жолаушыларын бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алып, шығарып салды. Салтанатты шараға ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду, Түркия Республикасының ҚР Елшісі Уфук Экиджи, сондай-ақ «Anadolujet» және «Turkish Airlines» авиакомпанияларының өкілдері қатысты.
«Бүгін біз үшін ұмытылмас күн, өйткені біз екі бас қаланы, екі бауырлас мемлекетті байланыстыратын рейсті ашамыз. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, олардың қорытындысы бойынша маршруттар санын, оның ішінде Астана қаласынан рейстерді көбейту жөніндегі келісімге қол жеткізілді», - деді ҚР ИИДМ ҚМА төрағасы Талғат Ластаев.
Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы жаңа рейс А-320 және Б-737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері аптасына 2 реттік жиілікпен орындалатын болады.
«Біз бұл бағыттың дамитынына, өсетініне сенімдіміз. Алғашында рейстер аптасына екі рет орындалатын болады және бұл рейс Түркия азаматтарының да, Қазақстан азаматтарының да, басқа да транзиттік жолаушылардың да пайдасына жарайтынына сенімдіміз. Әуежайдағы сервис деңгейі «Anadolujet» және «Turkish Airlines» халықаралық компанияларының талаптарына сай деп үміттенеміз. Біз әуе кемелеріне қызмет көрсету деңгейі жоғары болуы үшін бәрін жасаймыз», - деді елордалық әуежай басшысы Дәулет Хамзин.
Қазіргі уақытта Anadolujet-те 65 ұшақ жұмыс істейді, келесі жылы олардың санын 77-ге дейін арттыру жоспарлануда.
«Бүгін біз Анкарадан Астанаға рейстердің іске қосылғаны туралы, Қазақстандағы авиакомпаниямыздың екінші бағыты және халықаралық желіміздегі 41-ші бағыт туралы хабарлау үшін келдік. Екі астананы байланыстыру біз үшін үлкен мәртебе. Жаңа бағытты қоса алғанда, біз Turkish Airlines отбасы ретінде Түркия мен Қазақстан арасындағы апта сайынғы рейстер санын 30-ға дейін арттырдық. Біздің жаңа рейстеріміз екі елге де пайдалы болады деп үміттенемін», - деді «Anadolujet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмед Юлдуз.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Анықтама үшін: 2008 жылы Turkish Airlines құрамында бюджеттік авиакомпания ретінде құрылған Anadolujet компаниясы 2008 жылдан 2020 жылға дейін тек ішкі бағыттарға қызмет көрсетіп, 2020 жылдың маусымынан бастап халықаралық рейстерді орындай бастады. Қазіргі уақытта Anadolujet Түркияға 41 бағыт бойынша және 26 елде 40 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындайды. Ішкі рейстерді ескере отырып, 2022 жылдың алғашқы 10 айында қызметтерді пайдаланған жолаушылар саны 13 миллион адамды құрады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: