Елордалық әуежай өкілдері азаматтарды жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады

Барлық жаңалықтар

2022-11-28

Елордалық әуежай өкілдері азаматтарды жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 1,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлауды жасыру және екі бухгалтерді жауапкершілікке тарту туралы тараған жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы үкімімен елорда айлағының бұрынғы бес бухгалтері, оның ішінде бұрынғы бас бухгалтері кінәлі деп танылып, түрлі жаза мерзімдеріне сотталды. Сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 30 қарашадағы апелляциялық үкімімен бұрынғы басқарма төрағасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Нәтижесінде келтірілген материалдық залал сотталған адамдардың қаражаты мен мүлкі есебінен ішінара өтелді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде бюджет қаражатын ұрлауды жасыру және соттың бухгалтерияның тек екі қызметкерін жауапқа тарту туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, жарғының 1-бабының 9-тармағына сәйкес «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ өз қызметін шаруашылық дербестік негізде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Әуе айлағының өкілдері азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын жалған ақпараттарға сенбеуге және тек ресми көздерден алынған ақпаратты негізге алуға шақырады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ