Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежайдың 2050 жылға дейінгі даму жоспары таныстырылды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әуе айлақты дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспарын әзірлеу жөніндегі жобаның тұжырымдамасы таныстырылды.
Кеңеске ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин және жоба авторлары болып табылатын ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығының өкілдері Алехандро Ривера Гил, Луис Сид Фуэнтес, Руслан Зарин және Сергей Балонусков қатысты.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин жоба авторлары ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығына атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді. Ол жобаның жақын арада толық дайын болатынын атап өтті.
«Бас жоспар жер учаскелерін пайдалануды, құрылысты, инфрақұрылымның жаңа объектілерінің параметрлері мен технологиялық схемаларын, атап айтқанда екінші ұшу-қону жолағы, перрон, терминалдар, ангарлар, бокстарды, сондай-ақ арнайы техника мен персонал сынды маңызды ресурстарды кезең-кезеңмен жоспарлауды қамтиды. Осы жоспар негізінде болашақта компанияны дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленетін болады», – деді Дәулет Хамзин өз сөзінде.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының жоба менеджері ИАТА Алехандро Ривера Гил жобаның жеті айдан астам уақыт бойы жасалғанын және құжатты әзірлеу кезінде қандай факторлар ескерілгенін айтты.
«Біз бұл жобаны жеті ай бұрын бастадық. Маңызды бағыттардың бірі – жобаны әзірлеу кезінде Қазақстанның барлық мемлекеттік органымен өзара іс-қимыл жасау. Ауқымды және жан-жақты жұмыс атқарылды. Сонымен қатар бас жоспардың сызбалары да ұсынылады. Құжатты әзірлеу кезінде біз бірнеше факторларды қарастырдық. Бұл инфрақұрылым, тұрақ орындары, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау және әуежайдың қалаға жақын орналасуы», – деді Алехандро Ривера Гил.
Бас жоспарды іске асыру әуежай инфрақұрылымына жеке инвестицияларды тартудың драйвері болатынын естеріңізге сала кетейік. Атап айтқанда, әзірленген даму тұжырымдамасы арнайы экономикалық аймақты, мультимодальды жүк тасымалдау орталығын, Е-commerce қызмет көрсету орталығын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету орталығын және әуе персоналын даярлау жөніндегі оқу орталығын қамтитын әуежай-ситиді құруға мүмкіндік береді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: