Дәулет Хамзин: Астана әуежайының географиялық орналасуы ұшу кезінде жүк авиакомпанияларының шығындарын азайтады

Барлық жаңалықтар

2022-11-10

Дәулет Хамзин: Астана әуежайының географиялық орналасуы ұшу кезінде жүк авиакомпанияларының шығындарын азайтады

Жүк инфрақұрылымын дамыту және Астана әуежайының жүк терминалдарын кеңейту туралы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин Флорида штатының Майами қаласында, АҚШ-та өткен "Air Cargo Forum" халықаралық форумында айтып берді.

2022 жылдың 8-11 қарашасы аралығында өтетін Форум әлемнің әртүрлі елдерінен 4000-ға жуық авиация саласының өкілдерін жинады. Дәулет Хамзин түрлі компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. "National Airlines" авиакомпаниясының өкілдерімен 2023 жылы чартерлік рейстерді орындау жөніндегі жоспарлар талқыланды, қазіргі уақытта рейстердің кестесі мен бағдарламасы қалыптастырылуда. "Challenge Airlines" компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Еуропадан Астанаға және Астанадан Қытайға жүктерді жеткізу бойынша коммерциялық жүк рейстерін орындау перспективалары қаралды. Сондай-ақ, "Ethiopian Airlines", "Magma Aviation", "Polar Cargo", "Atlas Air" авиакомпанияларымен және елордалық әуежайдың транзиттік әлеуетіне мүдделі басқа да түрлі логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізілді.

Айта кету керек, әуежайдың идеалды географиялық орналасуы Қытайдан Еуропаға ұшу кезінде жүк авиакомпанияларының шығындарын азайтады, ал жердегі қызмет көрсету мен авиаотынның бәсекеге қабілетті бағалары басқа әуежайлар мен елдерден транзиттік рейстерді тартуға қосымша ынталандыру болды.

"Жүк инфрақұрылымы - әуежайды дамытудағы басымдық. Жүк инфрақұрылымын дамыту, жүк терминалдарын кеңейту - біз үшін басым бағыт. Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Орталық Азиядағы ең үздік жерүсті инфрақұрылымы мен арнайы техникалық жабдықтары бар, бұл рейстерге жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әуежайдың ұшу-қону жолағы - Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі. Ол ИКАО ІІІА санатына сәйкес келеді және кез келген ауа - райында әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға және шығаруға мүмкіндік береді", - деді Дәулет Хамзин.

Астана әуежайындағы транзиттік жүк рейстері ауыр жүк ұшақтарында орындалады және оларға үлкен көлемдегі жанармай құю қажет. Әуе кемелеріне жанармай құюдың бірегей жүйесі өз кезегінде ұшу алдындағы процедураларға уақытты ысырап етуді азайтады және авиакомпанияларға жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, ауыр жүк лайнеріне 100 тонна жанармай құю 30-40 минутты алады. Қазір әуежай жылына 3000-нан астам жүк транзиттік рейстеріне қызмет көрсетеді, ал "коронавирус" жылдарына дейін бұл көрсеткіш тіпті 50 транзиттік жүк рейстеріне жеткен жоқ. Әуежай даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде әуе жүктерін дамытады.

          Астана әуежайының Басқарма төрағасы жолаушылар тасымалының күрт төмендеуі кезінде әуежайдың жұмысы туралы да айтты.

"Біз транзиттік жүк тасымалына қайта назар аудардық. Нәтижесінде жанармай құю мақсатында ауыр жүк әуе кемелерінде тұрақты транзиттік рейстердің үлкен көлемін тартуға мүмкіндік туды", - деп жалғастырды Басқарма Төрағасы.

Елдер арасындағы шекаралардың жабылу кезеңінде көптеген авиакомпаниялар Астана әуежайын Еуропадан Азияға және кері қайтар жолда транзиттік аялдама ретінде пайдалана бастады. Ішкі саясатты қайта қарап, мультимодальды және транзиттік жүк тасымалына бәс тігу дұрыс шешім болды.

Жаңа стратегияның арқасында Астана әуежайы 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жақсы өндірістік көрсеткіштерге ие. Мәселен, осы кезеңде 2930 жүк рейсі жүзеге асырылды, жүк айналымы 8 мың тоннадан асты. Негізгі тасымалданатын жүктер - гүлдер, киім, көліктер, E-commerce. Жүк компаниялары - Aerotranscargo SRL (Молдова), ASL Airlines Belgium (Бельгия), Challenge Airlines (Бельгия). Сондай-ақ, жүк рейстерін Air Astana, SCAT сияқты отандық авиакомпаниялар ішкі рейстер бойынша да, халықаралық бағыттар бойынша да жүзеге асырады.

          Қазір күзгі-қысқы навигацияға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 5 заманауи қар тазалағыш машина сатып алынды, олар ҰҚЖ мен перронды тазалауды айтарлықтай жылдамдатады, бұл әуежайға кез келген ауа райы жағдайында үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ