Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Оңтүстік-Шығыс Азияның «Air Asia» ірі лоукостері Астана әуежайынан ұшуды бастайды
Air Asia Aviation Group компаниясының кірістер және маршруттар жөніндегі директоры Пол Кэррол мырза, сондай-ақ Air Asia Х әуекомпаниясының атқарушы директоры Беньямин Исмаил мырза Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болды.
Қонақтарды «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин қарсы алды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тұрақты жолаушылар және жүк әуе қатынасы мәселелерін, сондай-ақ елордалық әуежайдың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін талқылады.
2023 жылдан бастап оңтүстік-шығыс Азияның ірі лоукостері «Air Asia» Куала-Лумпур – Астана жаңа бағытын ашуды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Asia Aviation Group компаниясының коммерциялық директоры Карен Чан ханыммен кездесті.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: