Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы сайланды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Дәулет Хамзин сайланды.
Дәулет Ғазизұлы Хамзин 1973 жылы сол кездегі Целиноград қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы инженер-бағдарламашы ретінде бастаған.
Д. Хамзин 2006 жылдан бастап азаматтық авиация саласында түрлі басқарушылық лауазымдарында қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, ол әр жылдары «Сары-Арқа әуежайы» АҚ президенті, «Scat авиакомпаниясы» АҚ дамыту бойынша вице-президенті, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.
2020 жылдан бастап елорда әуежайында Атқарушы директор, Коммерция департаментінің директоры ретінде еңбек етті. Биылғы жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Дәулет Хамзин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. «Құрметті авиатор» төсбелгісінің иегері.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: