Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайының өкілдері World Airport Awards марапатын қалай және қандай жетістіктері үшін алғандары туралы айтып берді
Астана әуежайы World Airport Awards-та Орталық Азия/ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай болып танылды
World Airport Awards әлемдік әуежай индустриясындағы ең беделді марапат болып табылады. Ол әлемнің 550-ден астам әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бағалайды. Марапаттар 8 айлық зерттеу кезеңінде әуежай клиенттерімен толтырылған World Airport Survey сауалнамаларына негізделген. Зерттеу әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және тіркеу, келу және трансферден бастап, сатып алу, қауіпсіздік шаралары мен паспорттық бақылауға дейінгі негізгі көрсеткіштердің тиімділігін бағалайды.
«Біз осы жоғары марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз. Әуежайымыз елдегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады. Ол Орталық Азиядағы жұмысы қауырт әуежайлар арасында екінші орында, ал посткеңестік кеңістіктегі әуежайлар арасында 12-ші орында», – деді кәсіпорын Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин әуе айлағын дамыту тұжырымдамасын таныстыру барысында.
Ол сондай-ақ астаналық әуежай негізгі отандық және бірқатар шетелдік авиакомпания үшін базалық болып табылатынын әрі бүгінгі таңда жолаушыларға да, авиакомпанияларға да үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес қызмет көрсету үшін толық инфрақұрылымы бар екенін атап өтті. Цифрлық мүмкіндіктерді дамытудың нәтижесінде жолаушылар әуежай әзірлеген қосымша арқылы онлайн тіркеліп, өз рейстерін бақылай алады және көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді.
«Кәсіпорынды дамыту ИАТА мен ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттің бетке ұстар әуе айлағы бола отырып, астаналық әуежай Астана қаласының қонақтары мен жолаушылары үшін қолайлы жағдай жасау бойынша барлық мүмкіндікті жасайды», – деп толықтырды Хамзин.
100% акция ұстаушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамның басшылығы пандемия кезінде әуежай стратегиясын қайта қарады. Жолаушылар рейстері тоқтатылған кезде жүк және транзиттік рейстерді тартуға баса назар аударылды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтап қалды. Осылайша, әуежайдың және оның Көкшетау қаласындағы филиалының 2 мыңнан астам қызметкері жұмыс орындарын сақтап, қызметкерлердің ең төменгі жалақысы шамамен 40 пайызға өсті.
«Шектеулерді біртіндеп алып тастағанда жағдай жақсарды. Пандемияға дейін жүзеге асырылған халықаралық 40 бағыттың 15-і бойынша рейстер жаңартылды, сонымен қатар 8 жаңа бағыт бойынша рейстер ашылды», – деп мәлімдеді АҚ Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары.
СOVID шектеулеріне қарамастан, 2021 жылы Калининград, Франкфурт, Будапешт, Новосибирск және Варшаваға жаңа рейстер ашылып, бұрынғы рейстер жаңартылған. Биыл WizzAir Abu-Dhabi, Red Wings, Azimut, Utair және Rossiya Airlines авиакомпаниялары Абу-Даби, Екатеринбург, Мәскеу, Уфа, Тюмень және Сочиге рейстер ашты. Сондай-ақ Pegasus Airlines авиакомпаниясының Ыстамбұлға, Air Astana Подгорица мен Тбилисиге, ASL Airlines авиакомпаниясының Қытай мен Жапониядан Еуропаға рейстері қалпына келтірілді. Өткен айда ҚХР Чэнду қаласына рейстер іске қосылды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: