Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайы екінші ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр
Таяудағы 5-6 жылда елдің басты әуе қақпаларының өткізу қабілетін ұлғайту талап етіледі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» қолданыстағы ұшу-қону жолағы 2003 жылы қайта жаңартылғаннан кейін бұл бағытта басқа жұмыстар жүзеге асырылмаған. Биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, авиатасымалдар қарқынының өсуі мен әуежайды дамыту жөніндегі жоспарларға байланысты әуеайлақ учаскесін қайта жаңарту қажеттігілігі туындап отыр.
«Біз 2027-2028 жылдары жолаушылар ағынының жоғары деңгейіне жетіп, сәйкесінше бұл ұшу-қону жолағының өткізу қабілетін арттыруды талап етеді деп болжап отырмыз. Осы ретте жолақтағы, рульдеу жолақтары мен перрондағы жабынды, сондай-ақ жарық-сигналдық жабдықты ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Ұшу-қону жолағын жөндеу уақытша қолайсыздықтар туғызады, бірақ бұл мәселені шешуге ниеттіміз», – деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин әуе айлағын дамыту тұжырымдамасының тұсаукесерінде.
Сондай-ақ екінші ұшу-қону жолағын салу, арнайы экономикалық аймақ ашу және авиаотынды жеткізу логистикасын жақсарту үшін теміржолдарды салу жоспарда бар.
«Жаһандық өзгерістер негізгі екі мақсатқа қол жеткізу үшін жүргізіледі. Алғашқысы, Астананың әуе айлағы жолаушылар ағыны мен орындалатын рейстер саны бойынша келесі жылы еліміздегі ең ірі әуе айлағына айналуы тиіс. Екіншісі – алдағы 5 жылда жүк тасымалын төрт еседен астам ұлғайту жоспарда бар», – деді спикер.
Әуежайды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар қаржылық көрсеткіштерді тұрақты жақсартуға негізделген әрі кәсіпорынның жаңа стратегиясының нәтижелерімен нығайтылмақ. 2021-2022 жылдары азаматтық авиатасымалдардың уақытша тоқтатылуына байланысты әуе айлағының жұмысы транзиттік жүк рейстеріне жанармай құюға және оларға қызмет көрсетуге қайта бағытталды. Басымдықтарды қайта қарау қысқа мерзімнің ішінде несие берушілер алдындағы міндеттемелер мен қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені өтеуге, сонымен бірге жұмыс орындарын сақтап қалуға және операциялық пайдаға шығуға мүмкіндік берді. Жаңа стратегияның нәтижесінде биыл бірінші жартыжылдықтағы Астана әуежайының таза табысы 1,6 млрд теңгені құрады. Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша табыс 68 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде, бұл 2021 жылға қарағанда 15,8 пайызға жоғары.
«Елдер арасындағы шекаралардың жабылуы кезеңінде көптеген авиакомпаниялар біздің әуежайды Еуропадан Азияға транзиттік аялдама ретінде пайдалана бастады. Мультимодальды және транзиттік жүк тасымалына басымдық беруіміз дұрыс шешім болды. 2021-2022 жылдардағы кірістердің шамамен 70 пайызына әуежайды транзиттік жүк рейстеріне қызмет көрсетуге қайта бағыттау арқылы қол жеткізілді», – деді Хамзин.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: