Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елорда әуежайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті семинар өтті
Өткен аптада елорда әуежайында «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымда-концепциясын бекіту және ҚР Президентінің 02.02.2022 жылғы №802 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті. Аталмыш сабақтың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағарту болып табылады. Семинарда Нұр-Сұлтан қаласы авиация прокурорының орынбасары Б. Ж. Байбуллин және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы М. К. Бекбосынов төрағалық етті. Тренингке 80-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде әуежайдың бөлім басшылары және Қоғам қызметкерлері, сонымен қатар Көкшетау әуежайының қызметкерлері бар. Мұндай тақырыптағы семинарлар тұрақты жиілікте өткізіліп тұрады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: