Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежай мұрағаттық фотосуреттерді көрсетті
Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ-на 90 жыл толды. Бұл күні, 1931 жылғы 1 желтоқсанда Семей мен Ақмола арасында тұрақты әуе қатынасы басталды (кәсіпорынның құрылған күні). Осы күнге орай, елорда әуежайы мерекелік күнге дейін арнайы жарияланған фотоальбомға енген терминалдардың құрылысы тарихынан мұрағаттық фотосуреттерді көрсетті.
Бүгін, 90 жылдан кейін, таңғы рейспен елордадан «Нұр-Сұлтан – Семей» бағыты бойынша әуе кемесі ұшып шықты, жолаушылар салтанатты жағдайда оркестрдің әуенімен тіркеуден өтті.
Сондай-ақ мерейтойлық іс-шаралар аясында Халық банкпен бірлесіп, әуежай дизайнымен тақырыптық банк картасы шығарылды.
Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы еліміздегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады. Елорданың әуе айлағы Орталық Азия елдерінің әуежайлары арасында жолаушылар ағыны мен жүк тасымалының көптігіне байланысты екінші орында, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі әуежайлар арасында 12-ші орында. Бүгінгі таңда әуежай негізгі отандық және бірқатар шетелдік авиакомпаниялар үшін негіз болып табылады. Қабылданатын әуе кемелерінің ең жоғары түрі: Боинг Б-747-800, Руслан АН-124 және төменгі санаттағы ұшақтар.
Бүгінгі таңда әуежайдың әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес жолаушыларға да, авиакомпанияларға да қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар. Цифрлық мүмкіндіктерді дамытудың арқасында NQZ қосымшасы арқылы жолаушылар онлайн-тіркеуді жүргізе алады, рейстерді қадағалай алады, әуежай қызметтеріне ақы төлей алады. Әуе кемелеріне отын құюдың бірегей жүйесі өз кезегінде ұшу алдындағы рәсімдерге уақытты ысырап етуді қысқартады және авиакомпанияларға жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Елорда әуежайын дамыту ИАТА және ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Әуежайдың ұшу-қону жолағы Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі. Ол ІІІА ИКАО санатына сәйкес келеді және кез келген ауа райында әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға мүмкіндік береді.
Елорда әуежайы Нұр-Сұлтан қонақтары мен жолаушылары үшін қолайлы жағдай жасау бойынша барлық мүмкіндікті қолданады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: