Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Электр желілерін зақымдағаны үшін «New level» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі Департамент) кабельдік желі – 10 кВ тарату пункт-50 ұяшық 16-ТП-1033 желісінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «New level» ЖШС 2021 жылдың 4 маусымында велосипед жолын салуға арналған жер қазу жұмыстары кезінде №10 үй Самал көшесінде кабельдік желісін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент, Кодекстің 802-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольттан жоғары электр желілерінің зақымдануы үшін «New level» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: