Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежайда «Барыс» ХК фирмалық дүкені ашылды
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы халықаралық ұшулар терминалында (Т1) «Барыс» хоккей клубының фирмалық атрибутикасының төртінші дүкені өз есігін ашты.
Дүкен бірегей стильде хоккей дулығасы түрінде жасалған. Ол жалпы тіркеу залында, өтпелі галереяның жанында орналасқан. Дүкеннің жұмыс форматы-тәулік бойы. Мұнда клуб жанкүйерлері өздері ұнатқан атрибуттарын сатып алып қана қоймай, теледидар көруге немесе консольде ойнауға, ақпараттық және кәдесый стендтеріне, сондай-ақ әртүрлі тақырыптық декорацияларға арналған секторды қамтитын «жұмсақ» аймақта жақсы уақыт өткізе алады.
«Барыстың» жанкүйерлері клубтың қазақстандықтар мен елорда қонақтары арасында танымалдылығын арттырумен белсенді түрде айналысуда, сондықтан дүкеннің ашылуы – біз үшін маңызды оқиға. Біз «Барысты» еліміздің көптеген қалаларында қолдайтынын білеміз. Күн сайын елордаға ондаған мың жолаушы ұшып келеді, енді олардың әрқайсысы өзімен бірге «Барыстың» бір бөлігін ала алады. Дүкеннің ашылуы олимпиада күндерінде өткені символдық жағдай.
«Болашақта бұл жер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа мемлекеттерден келген қонақтардың да сүйікті орнына айналатынына сенімдіміз», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма Төрағасы Ғабит Тәжімұратов дүкеннің ашылу салтанатында.
Іс-шараға «Барыс» ХК атынан бірінші команданың ойыншылары Даррен Диц және Никита Михайлис қатысты.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: