Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуекомпанияларға қызмет көрсету сапасын арттыру
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР қалалары мен Еуропа арасында транзиттік рейстерді орындайтын жүк, сондай-ақ жолаушылар әуекомпанияларын тарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Осылайша, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бастап, елордалық әуежай гуманитарлық бағдарламаларды жүзеге асыратын және Қытайдан жеке қорғаныс құралдарын, вентиляторларды жеткізетін көптеген еуропалық әуекомпаниялар арасында танымал транзиттік нүктеге айналды. Олардың қатарында Wizz Air, LOT Polish, Iceland Air, Bulgaria Air, Air Serbia секілді жолаушыларды тасымалдайтын және вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын тасымалдайтын әуекомпаниялар болды.
Сонымен қатар, әуежай халықаралық нарықта белсенді жұмыс істеп келеді және жанармай құюға (аймақтағы ең жылдам жанармай құю) дейінгі техникалық қызмет көрсету мақсатында жүк транзиттік рейстерін тартуда.. Әуежайдың жүк инфрақұрылымы белсенді дамуда. Әуежай B 747, B 777, A330 сияқты ұшақтарға және әуе кемелерінің басқа да түрлеріне тұрақты негізде қызмет көрсетеді. Көптеген жаңа әуекомпаниялар, сапалы қызметі мен қолайлылығы үшін Нұр-Сұлтан әуежайын таңдайды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: