Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежай өзінің даму тұжырымдамасын ұсынды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арналған блог-тур өткізді. Іс-шара аясында қатысушыларға коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша әуежайға енгізілген Ashyq қосымшасы арқылы жолаушылар мен шығарып салушылардың терминал ғимаратына өту тәртібі көрнекі көрсетілді.Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арналған блог-тур өткізді. Іс-шара аясында қатысушыларға коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша әуежайға енгізілген Ashyq қосымшасы арқылы жолаушылар мен шығарып салушылардың терминал ғимаратына өту тәртібі көрнекі көрсетілді.
Бұдан басқа, елордалық әуежайда өз уақытын бағалайтын жолаушылар үшін тамаша шешім болып табылатын – Fast track жаңа қызметінің ашылуы таныстырылды. Fast track дегеніміз қолында тек қол жүгі бар жолаушылар үшін тіркеу мен тексеруден жедел өтуді білдіреді. Төлем қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Қызмет құны-4000 теңге. Қазіргі уақытта жолаушыларды тіркеу тек Fly Arystan және Qazaq Air әуекомпаниялары үшін ғана қолжетімді. Басқа әуекомпаниялардың жолаушылары жалпы тіркеулерде тіркеуден өтеді және Fast track-те жедел тексеруді пайдалана алады. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар fast track тексеруін тегін пайдалана алады.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен блогерлерге елордалық айлақтың 2035 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы таныстырылды. Құжатқа сәйкес, мультимодальдық жүк тасымалы орталығын, e-commerce қызмет көрсету орталығын және еркін сауда аймағын құру жоспарлануда.
"Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Орталық Азия елдері арасында жетекші жолаушылар және жүк "Аэрохабы" болуды жоспарлап отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттардан басқа, жолаушылар айналымы мен рейстерді ұлғайту, маршруттық желіні кеңейту, транзиттік тасымалдарды дамыту күтілуде. Білікті авиация персоналын даярлайтын оқу орталығын дамытуға, сондай-ақ әуекомпаниялар мен жолаушылар үшін сервис деңгейін арттыруға көп көңіл бөлінетін болады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының 90 жылдығын атап өту жөніндегі мерейтойлық іс-шаралар шеңберіндегі блог-тур барысында елордалық әуежайдың қызметі туралы үздік жарияланым/сюжет байқауы басталды. Бас жүлде - Ташкентке екі адамға жолдама. Байқау жұмыстарын келесі мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: u.shalekenova@nn-airport.kz
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: