Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежайда Ashyq қосымшасы енгізілуде
Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 10 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы арқылы жолаушыларға рұқсат беру жобасын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына енгізу туралы шешім қабылданды. 12 мамырдан бастап жобаны толыққанды іске қосу жоспарлануда.
Мобильді қосымшаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен жолаушының мәртебесі айқындалады: ол қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па. Яғни жолаушылар мен әуекомпаниялар және әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан санитариялық шараларға (маскалар, термометрия, желдету және т.б.) қосымша бақылау қамтамасыз етіледі. Термометрия (температураны қашықтан өлшеу) covid-19 белгілерін (дене температурасының жоғарылауы) анықтауға көмектеседі. Ashyq қосымшасын қолдану жолаушылар мен қызметкерлер үшін қосымша қауіпсіздік кепілі болып табылады.
Терминалдарға кіру процесінде ықтимал кідірістерге байланысты барлық жолаушылардан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеруді сұраймыз. Терминал ғимаратына сары және қызыл мәртебесі бар жолаушыларға кіруге рұқсат берілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға жіберген жөн.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнестің жекелеген нысандарына қолжетімділік ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тапсырыс беруші болып табылатын "Ashyq" мобильді қосымшасының көмегімен қамтамасыз етіледі.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: