Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
13 сәуірден бастап елордалық әуежайдың тұрағында техникалық жұмыстар жүргізілетін болады
13-25 сәуір аралығында "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ тұрақ жүйесінің бағдарламалық қамтылымын жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Көрсетілген кезеңде шлагбаумдар мен паркоматтардың белгілі бір кіру/шығу бағыттарының жұмысы ішінара шектелетін болады. Төлем процесін оңтайландыру мақсатында БҚ жаңарту кезеңінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем жасау мүмкіндігімен, тұрақ орнынан шыққан кезде БӨП кезінде төлемді қабылдау пункті қосымша ұйымдастырылатын болады.
Тұрақ жүйесін жаңарту жұмыстары іркілістерді жою үшін, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді, pos-терминалдарды енгізу, әуежайдың мобильді қосымшасымен және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларымен интеграциялау үшін қажет.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: