Әуежайға еңбекті қорғау және метрология қызметінің басшысы қажет

Барлық жаңалықтар

2021-02-09

Әуежайға еңбекті қорғау және метрология қызметінің басшысы қажет

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға (бұдан әрі - Қоғам) жұмысқа орналасу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар

 Еңбекті қорғау, экология, стандарттау және метрология қызметінің басшысы:

Талаптар:

  • жоғары техникалық білімі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сертификаты бар, электр қауіпсіздігі бойынша ІV төмен емес тобы бар, еңбекті қорғау, экология бағыты бойынша өндірісте жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес.
  • қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген болуы тиіс.

Міндеттері:

  • Қоғамдағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • Қоғамда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқытуды, білімдерін тексеруді ұйымдастыру;
  • кәсіби аспектіде қызмет қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;
  • қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғаларды, аварияларды/инциденттерді тергеп-тексеруге қатысу және Қоғамда оларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • еңбек қауіпсіздігі жағдайларының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру, еңбекті қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің әзірленуін, енгізілуін және тиімді жұмыс істеуін, Қоғамда метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ