Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежай көрінбейтін мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсетеді
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аутистік спектрі бұзылған және менталды ауытқулары бар жолаушыларға қызмет көрсету бойынша дамыған елдердің озық тәжірибесін енгізді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі", АҚ “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы”, AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастығы өзара бірлесіп жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидалары бойынша өзгерістер енгізді.
Жобаның басты мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін ұшуларды барынша жайлы ету. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында аутизм, деменция, альцгеймер ауруы және басқа да менталдық бұзылулар секілді мүгедектігі көрінбейтін жолаушылар үшін жағдай жасалған. Мүгедектіктің бұл түрі бар адамның денсаулығында қандай да бір шектеудің бары байқалмайды, бірақ мұндай жолаушы әуежай қызметкерлерінің қосымша қолдауы мен назарын қажет етеді.
Анықтамалық:
Көрінбейтін шектеулері бар жолаушыларға тиісті куәлігі болған жағдайда басым тәртіппен қызмет көрсетіледі. Осындай құжаттарды ұсынған жолаушыларға әуежайда жасырын мүгедектіктің халықаралық белгісі болып табылатын сары күнбағыс үлгісі бар тиісті ланьярдтар (ленталар) беріледі. Ол үшін авиабилетте көрсетілген ұшып шығу уақытынан 48 сағат бұрын қызмет көрсетуге өтінім беру қажет. Ланьярд авиациялық қауіпсіздік, тіркеу, сондай-ақ әуежайда шекара және кеден қызметкерлеріне көрінбейтін мүгедектігі бар жолаушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік береді (оларды алып жүру және рәсімдерді басым тәртіппен өту үшін). Әуежайға келгеннен кейін аутистік спектрі бұзылған жолаушының алып жүретін адамы арнайы ланьярд алу үшін анықтама бюросына жүгіне алады. Қажет болған жағдайда жолаушы аэровокзал бойынша және әуе кемесіне дейін жүріп-тұру үшін мүгедектер арбасын, сондай-ақ ана мен бала бөлмесін пайдалана алады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: