Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежайда «Health project» дәмханасы ашылды
Әуежайымыздың ішкі ұшу терминалының бірінші қабатында «Health project» денсаулыққа пайдалы әрі дұрыс тамақтануға арналған дәмханасының ашылу рәсімі өтті.
«Health project» дәмханасының елордада бірнеше нүктесі бар. Дәмхана қала ішінде жеткізіп беру қызметін ұсынады.
«Бұл дәмхананың басты ерекшеліктері ет өнімдерін дайындауда пісте майын қолданбайды. Майдың орнын сумен алмастырады яғни, етті буға қайнатып пісіреді. Қарапайым бидай ұнының орнына күріштен жасалған ұнды пайдаланады. «Health project» үшін әрбір тұтынушының денсаулығы маңызды», - деді сату менеджері Алексей Ким.
Адам ағзасы үнемі дұрыс тамақтануды талап етеді. Қаншалықты дұрыс тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Қазіргі қарбалас уақытта асығып жүріп, дұрыс тамақтануға уақыт тапшы болып жатады. Уақытты тиімді пайдаланып, ағзаға пайдалы, қалтаға үнемді тамақтанғыңыз келсе, «Health project» дәмханасына баруға кеңес береміз.
«Health project» дәмханасынан тамақта отырып, денсаулығыңызды жақсартыңыз!
Орналасқан жері:
Бірінші қабат, Терминал 2.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: