Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
COVID-19 инфекциясына тестілеуден әуежайда өтуге болады
Елорда әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирустық COVID-19 инфекциясына тестілеуден өте алады.
? ПТР-тестілеудің құны 9000 теңгеден басталады. Тестілеу жұтқыншақ пен мұрыннан алынады және нәтижелері электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілдерінде жіберіледі. Нәтижені 12 сағаттың ішінде алуға болады.
? ИФА әдісімен антиденелерге экспресс-тестілеудің құны - 6500 теңге, зерттеу кезінде IgM және IgG сыныптарының антиденелерін анықтау үшін капиллярлы қан алынады, нәтижесі 15 минуттің ішінде дайын болады.
? Антигенге экспресс-тестілеудің құны - 8500 теңге, IgA антигенін анықтау үшін мұрын-жұтқыншақтан тестілеу алынады, нәтиже нәтижесі 15 минуттың ішінде әзір болады.
*Дайындық қажет. Тестіліеу жұтқыншақ пен мұрыннан аш қарынға немесе тамақтанған соң 3 сағаттан кейін алынады. Тестілеуден 3 сағат бұрын тісті тазалауға, ауыз-қуысын жууға, су ішуге немесе сағыз шайнауға, кемі 1 сағат темекі шегуге болмайды.
Орталық Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимараты сол қанатының екінші қабатында, ішкі рейстер терминалында орналасқан.
ЖШС «Grinlab» Қазақстан нарығында зертханалық диагностика саласында бес жылдан астам қызмет көрсетіп келеді.
Байланыс: + 7 776 947 15 15
Сайт: www.grinlab.kz
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: