Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Азаматтық авиация академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы меморандумға қол қойды
"Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов пен Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Қанелұлы Сейдахметов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл өндіріс үшін және ЖОО үшін маңызды оқиға болды: авиация мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, әуежай қызметіне озық технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша жаңа көкжиектер ашылуда.
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою алдында академия ректоры авиаторларға Қазақстандағы жалғыз авиациялық ЖОО-ның жұмысын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы туралы айтып берді.
Ректор отбасында мектеп бітіруші түлектері бар қызметкерлерге балаларын Авиация академиясына түсіруді ұсынды. Сондай-ақ әуежайдың жас қызметкерлерін жоғары оқу орнында жоғары білім алуға немесе бар мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға шақырды. Айтпақшы," Нұр-сұлтан халықаралық әуежайында " қазір академия түлектері аз емес.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: