Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Филармонияның симфониялық оркестрі әуежайда өнер көрсетті
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және елорда әуежайының 89 жылдығына орай ішкі рейстер терминалында өнер көрсетті. Айта кетейік, осыдан 89 жыл бұрын 1931 жылы 1 желтоқсан күні “Ақмола-Семей” бағытында алғашқы рейс орындалды.
13 адамнан тұратын оркестр ұжымы классикалық шығармалардан бастап, қазақ фольклорына дейінгі туындылардан құралған арнайы мерекелік репертуар дайындады.
« Әуежайымыз Елбасының атын алып жүр. Сондықтан, Тұңғыш Президент күніне және әуежайымыздың 89-жылдығына орай біз барлық жолаушыларға мерекелік, музыкалық көңіл-күй сыйлауды ұйғардық. Бүгінгі мерекелік шараға арналаған идеямызды Симфониялық оркестр қуана қолдады. Өнерпаздар барлық эпидемиологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес орналастырылды », - дейді Ғабит Тәжімұратов, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы басқарма төрағасы.
Сонымен қатар, бүгін Fly Arystan әуекомпаниясының Түркістанға алғашқы рейсі орындалмақ.
« Бұл күні Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы Симфониялық оркестрінің ұжымы алуан стиль мен бағытты қамтитын музыкалық бағдарламасын ұсынып отыр. Біз көрермендерімізбен қайта жолыққанымызға өте қуаныштымыз. Әрине, әуежай біз үшін жаңа орын. Себебі, біз үлкен залдарда, сахнада өнер көрсетуге үйреніп қалғанбыз. Дегенмен,Тұңғыш Президент күнінде елорда әуежайында өнер көрсетуге асықпыз », - дейді Берік Батырхан, Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармония, Симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: