Елордаға оралған 122 жолаушы карантиндік стационарға орналастырылды

Барлық жаңалықтар

2020-10-08

Елордаға оралған 122 жолаушы карантиндік стационарға орналастырылды

Нұр-Cұлтанға ұшып келген кезде олардың ПТР-тестілері болған жоқ.

Бүгін 8 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai авиакомпаниясының ұшақтары қонды, бортта барлығы 828 жолаушы, 36 экипаж мүшесі болды. 122 жолаушыда ПТР-тест жоқ, олар стационарлық карантинге орналастырылды. Қызуы жоғары  жолаушылар анықталған жоқ. ПТР тестін тапсырғаннан кейін жолаушыларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жібереді. 7 қазанның кешінен 8 қазанның таңына дейін Дубай, Анталия, Ыстамбұл, Мәскеу, Франкфурт және Екатеринбургтен 7 рейс болды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ