Елорда әуежайында Priority Pass бизнес-зал ашылды

Барлық жаңалықтар

2020-10-01

Елорда әуежайында Priority Pass бизнес-зал ашылды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының халықаралық терминалы (Т1) ғимаратында Орталық Азиядағы алғашқы брендтелген Priority Pass бизнес-залының салтанатты ашылуы өтті.

Priority Pass-бұл жолаушыларға бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы VIP-залдарға баруға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама. Енді Priority Pass қызметін қазақстандық жолаушылар да, Қазақстанға келетін шетелдік қонақтар да пайдалана алады. Әлемге әйгілі брендтермен серіктестік елордалық әуежайдың халықаралық стандарттарға, қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне сәйкестігін көрсетеді.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында маңызды оқиға болды. Біз Орталық Азиядағы алғашқы брендтелген Priority Pass бизнес-залын аштық. Сапа мен сервистің жоғары стандарты енді Нұр-Сұлтан қаласында да қолжетімді. Priority Pass - бұл жолаушыларға бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы VIP-залдарға баруға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама, Priority Pass өзінің қолжетімді сервисімен бүкіл әлемдегі көптеген клиенттерге таныс", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы",- деді АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.

Priority Pass (PP) – бұл жолаушыларға бүкіл әлемдегі әуежайлардағы VIP залдарға баруға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама. Мұндай лаунж-аймақтардың желісі тұрақты түрде өсуде, бүгінде олардың саны 1300 жетіп отыр, олар әлемнің 148 елінің 600 қаласында бар. 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ