Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының лэд-экранындағы дәрігерлердің суреттері көз тартады
Руслан Мазуниннің дәрігерлердің құрметіне жасалған «РИЗАМЫЗ» көрмесі республикалық масштабқа ие болуда. Бүгін, 3 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының лэд-экранында медицина қызметкерлерінің портреттері пайда болды. Инсталляция астаналық жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс жасап жатқан жүз қызметкердің бейнесінен тұрады.
Жоба авторы француздың заманауи суретшісі JR жұмысы оны осындай қадамға баруға шабыттандырды дейді.
«Мені әрқашан басқа ел азаматтарының дәрігерлерге деген өз ризашылықтарын білдіруі қызықтыратын. Бұл идея бұрыннан мені ойландырып жүрді. Париждегі Бастилия операсының қасбеті дәрігерлердің портреттерімен безендірілгені туралы жаңалықты көргеннен кейін, бізде де неге осылай жасамасқа деп ойладым» , - дейді Руслан.
Дәрігерлерге осындай ерекше тәсілмен алғыс білдіруді шешкен қазақстандықтың идеясы желіде бір апта бойы қызу талқылануда.
Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда басталған көрме екі аптаға созылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары фотографтың жұмыстарын "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінде және Hilton Astana ғимаратының қасбетінде, ал енді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының лэд-экранында көре алады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: