Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
NQZ-әуе әлеміндегі жаңа атау
Әрбір әуежайда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) коды бар, бұл әуежайдың қысқартылған атауы және әртүрлі авиациялық жүйелерде қолданылады. Әдетте код қаланың немесе әуежайдың атауымен үйлеседі. 1961 жылдан бастап біздің қала Целиноград аталған кезде әуежай коды TSE болды. Бұл код бүгінгі күнге дейін әрекет етті. Міне, 8 маусым – әуежай жаңа NQZ атауын алды.
Шағын өңірлік әуежай талай жолдардан өтіп, халықаралық айлаққа дейін өсті және тәуелсіздікті алғалы, халықаралық танымалдылыққа қол жеткізгелі бері жаңа кодқа да ие болды.
Бүгінгі күннен бастап барлық авиабилеттерді брондау жүйелерінде NQZ әуежайының жаңа коды пайдаланылатын болады және басқа әуежайлардан ұшып шыққанда да оны билеттерде, отырғызу талондарында және багаж биркаларында көре алатын боласыз.
Жаңа кодты беру жұмысымен ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген кезде 2017 жылдан бастап ИАТА Қазақстандағы өкілдігі айналысты.
Әлемде кодтарын ауыстарған басқа да әуежайларды мысалға келтіруге болады. Мәселен, 1963 жылы АҚШ президенттерінің бірінің құрметіне Нью-Йорктегі жетекші әуежай өзінің кодын JFK-ке ауыстырды. Бұрын бұл әуежайдың коды IDL болатын. 2001 жылға дейін Сеул мен Оңтүстік Корея үшін басты халықаралық әуежай болған Кимпхо халықаралық әуежайы SEL кодын GMP кодына ауыстырды.
Біз Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын мақтанышпен алып жүрміз және NQZ Орталық Азияның үздік хабына айналғымыз келеді. NQZ-2000-нан астам кәсіби маманға қызмет көрсететін және әлем картасында 61 қалаға ұшулар орындайтын еліміздің басты әуе қақпасы.
Енді біздің астанамыз әлемнің авиациялық картасында жаңа атқа ие. Авиабилеттерді сатудың, қонақүйлерді брондаудың, машиналарды жалға алудың және саяхатқа арналған сервистің басқа да түрлерінің автоматтандырылған жүйесі бізді осы код бойынша танитын болады, ол біздің жас елордамыздың атымен үндес болады!
Құрметпен, «Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: