Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты

Барлық жаңалықтар

2020-03-11

Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты

2020 жылдың 11 наурызы мен 24 сәуірі аралығында Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты.  Бүгінгі күнге дейін  әуе компаниясы Франкфурт-Алматы-Франкфурт (аптасына 4 рет) және Франкфурт-Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рет) бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындады.  Алдын ала ақпарат бойынша, әуе тасымалдаушы осы бағыттар бойынша ұшуларды 2020 жылдың 25 сәуірінен бастап жаңартуды көздеп отыр.
Әуе компанияның ақпараты бойынша, аталған кезеңде авиабилеттері бар жолаушылар билеттерді толық көлемде қайтара алады.
2020 жылғы 3 наурыздан бастап "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі.
Жолаушылар тоқтатылған және шектелген тұрақты бағыттар  бойынша кеңес алу үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша жедел желі телефонына хабарласа алады. Жұмыс уақыты жұмыс күндері (5/2) сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ