Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында өтпелі галерея ашылды
Өтпе жол Т1 және Т2 (халықаралық және ішкі ұшулар) терминалдарын қосады. Галереяның жалпы алаңы 1000 ш.м., ұзындығы 90 метр. Жаңа өтпелі галерея әуежай жолаушыларына далаға шықпай-ақ, бір терминалдан екінші терминалға өтуіне мүмкіндік береді.
Елорданың әуе қақпасы – тәулігіне 200 –ге дейінгі рейсті қабылдап, шығарып салады, әрі 14 000 жолаушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде рейстері сәйкес келген транизитті жолаушылар да бүгінге дейін бір терминалдан екінші терминалға өту үшін далаға шығуларына тура келген еді. Қысты күні аяз бен боран соғатын, жазды күні жаңбыр жауып, жел соғатын елорданың суық табиғатын ескере отырып, жабық өтпе жол арқылы екі терминалды қосу жөнінде шешім қабылданды.
Құрлыс жұмыстары кезінде келушілердің жайлылығына қажет барлық талаптар ескерілді. Өтпе жол барлық керекті инфрақұрылыммен жабдықталған әрі орталық ағындық және инженерлік жүйелерге қосылды. Ол дегеніміз, қысқы маусымда – жылы, жазғы маусымда – салқын болып тұрады. Бұдан өзге, еден астынан жылу беріліп, желдету жүйесі іске қосылған. Галереяда әуежайдың және технологиялық процестерге қатысатын ұйым қызметкерлеріне арналған бөлек қызметтік дәліз бар.
Қазіргі уақытта, нысан ішіне арнайы белгілер орнатылып, күтіп алушылар мен шығарып салушылар үшін жайлы орындықтар қойылған. Биылғы жыл соңына дейін, өтпе жолға вендингтік аппараттар, төлем терминалдары мен банкоматтар орнату жоспарланған.
2018 жылы елорда әуежайы 30 мың рейске қызмет көрсетіп, жолаушылар ағынын 4,5 миллионнан аса жолаушыға жеткізді. Биылғы жыл соңына дейін әуежай 5 миллионыншы жолаушыға қымет көрсетуді жоспарлап отыр.
2019 жылғы 10 айдың қортындысы бойынша, жолаушылар ағыны 4,2 млн. жолаушыны құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы осы кезеңдегі қортындымен салыстырғанда 7% -ға артығырақ. Рейстер саны 26 мыңнан асып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3 пайызға көбейді.
Қазіргі уақытта әуежай 15 шетелдік және 5 отандық әуе компанияларымен бірге жұмыс жасайды.
Биылғы жылы жаңа Прага, Ұлан-Батор, Токио халықаралық әуе бағыттарының ашылуына орай, халықаралық бағыттармен ұшқан жолаушылар саны 1.5 млн-нан асты.
Ішкі бағыттар бойынша 2.7 млн. жолаушыларға қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш Шымкент, Тараз, Семей, Павлодар, Қостанай бағыттарын ашқан «FlyArystan» әуе компаниясының арқасында жүзеге асып отыр. Отандық лоукостер желтоқсанда «Нұр-Сұлтан-Мәскеу» бағытын ашуды жоспарлап отыр.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: