Нұр-Сұлтан әуежайында электронды отырғызу талоны енгізілді

Барлық жаңалықтар

2019-07-01

Нұр-Сұлтан әуежайында электронды отырғызу талоны енгізілді

Бұған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 және Т2 терминалдарында «ePassenger» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.

Енді елорда әуежайынан сапар шегетін жолаушылардың электронды тасымалдаушы құрал экранындағы отырғызу талонын сканерлеу арқылы тексеруден өту мүмкіндігі бар. Бұл смартфон немесе планшет болуы мүмкін. Қағаз көшірмесі қажет емес.​ ​ ​ ​ ​

Жаңа жүйеге сәйкес, билет сатып алған кез келген қол жүгі бар жолаушының​ онлайн тіркеуден өткеннен кейін, кезекке тұруы міндет емес. Ол өзіне өзі қызмет көрсету терминалы арқылы немесе мобильді құрылғыдағы отырғызу талонын көрсету арқылы ұшаққа отырғызу аймағына бірден өте алады. Жаңа құрылғы жолаушылардың өз уақыттарын үнемді пайдалануына ​ мүмкіндік береді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ