Ұшулар қауіпсізідігін орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі екінші салалық конференция

Барлық жаңалықтар

2019-03-26

Ұшулар қауіпсізідігін орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі екінші салалық конференция

Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауқымды міндеттер мен іс-шараларды қамтиды, оның ішінде ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Авиация тарихында әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы бірнеше рет авиациялық оқиғаларға әкеп соқтырғандықтан, бұл мәселеге ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы тарапынан да, мемлекеттердің өзінде де елеулі назар аударылады.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етудің барлық маңыздылығын түсіне отырып, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді пайдалана отырып, әуеайлақта әуе кемелердің құстармен соқтығысу қаупін азайтатын жағдайлар жасау үшін барлық қазіргі заманғы құралдарды пайдаланады.

2019 жылғы 03-07 наурыз аралығында Мәскеу облысының Мытищи қаласында «Құстар және авиация ұшулары» атты халықаралық салалық конференция өтті. Конференция авиациядағы құстармен соқтығысудың алдын алу бойынша азаматтық авиация мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының «Әуе көлігіндегі ұшу қауіпсіздігі» мемлекеттік орталығы (ААМҒЗИ-ӘКҰҚМО) құрамында авиациялық орнитология салалық тобының (АОСТ) мамандары жүзеге асыратын зерттеулердің 50-жылдығына арналған.

Конференцияға әуежайлар мен авиакомпаниялардың ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мамандары, РФ және ТМД басқа елдерінің (Қырғызстан, Өзбекстан) әуе көлігін басқарудың аумақтық органдарының мамандары; барлығы 70 қатысушы қатысты. Конференция барысында ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етудің негізгі мәселелері, оларды шешу жолдары талқыланды. Әуежайлардың орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, құстарды үркітудің заманауи тиімді құралдары қарастырылды.

Қазақстандық компаниялардан конференцияға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Алматы қаласының халықаралық әуежайы, Эйр Астана авиакомпаниясы қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атынан орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жетекші маман А. С. Абжанов қатысты, ол Астана қаласының әуеайлағы, әуежайда қолданылатын құстарды үркіту әдістері мен құралдары, ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Өткізілген іс-шаралардың және Нұрсултан Назарбаев әуежайы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында 2017, 2018 жылдары әуеайлақты пайдаланушының жауапкершілік аймағында құстармен соқтығысу кезінде әуе кемелерінің зақымдану жағдайлары болған жоқ

Конференция қатысушылары мен ұйымдастырушылары ұсынылған баяндамаға қызығушылық танытып, бірқатар сұрақтар қойылып, жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Мәскеу телеарнасының журналистері А. С. Абжановтан сұхбат алды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ