«Астана халықаралық әуежайы» АҚ арнайы техниканы сататын аукционшы қызметі қажет

Барлық жаңалықтар

2018-01-17

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ арнайы техниканы сататын аукционшы қызметі қажет

«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Тапсырыс беруші)         2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ашық аукциондар (сатудың ағылшын және голланд әдістері арқылы) өткізуге байланысты, автокөлік құралдарды сататын аукционшы қызметі қажет.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Жоғары кәсіби білімі;
  2. Аукционды сауда өткізуге арналған біліктілік куәлігінің болуы;
  3. Аукционды сауданы өткізу бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі;
  4. Пікірлер және ұсынымдардың болуы;
  5. Тапсырыс берушінің өтінімі және талаптары бойынша барлық қажетті құжаттаманы ресімдей отырып, кез келген уақытта сауданы өткізу;
  6. Құжаттама, аукциондар нәтижелерін талдау дағдылары.

 Сауданы мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де өткізу қолдау табады.

Қызмет үшін төлем сатылған мүліктің есебінен жүзеге асырылады (бірақ, барлық аукциондарды өткізу бойынша аукционшының барлық шегерімдері мен шығындары қосқанда 1000 АЕК балама сомасынан аспауы керек).

Өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін 2018 жылғы 22 шілдеге дейін жапсырылған конвертте мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 010014 Астана қаласы, әуежай, ПББ №14, кеңсе.

Өтінімде байланыс деректемелері көрсетілуі қажет, сондай-ақ, баға ұсынысын, жеке куәлігінің көшірмесін, салық төлеуші куәлігінің көшірмесін және негізгі талаптарға сәйкес растайтын басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

Конверттерді комиссия 2018 жылғы 22 қаңтарда сағат 16.00-де мына мекенжайда ашады: Қазақстан Республикасы, 010014 Астана қаласы, әуежай, ПББ №14, «Штаб» ғимараты, 2-қабат, конференц-зал.

Анықтама үшін телефон:  +7 (7172) 777-452.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ