Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы бастауыш партия ұйымының кезектен тыс жиналысы
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2019 жылғы 28 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Нұр Отан» бастауыш партиялық ұйымының кезектен тыс жиналысы болып өтті.
Жиналыста партия ардагері Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаев «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» тақырыбына сөз сөйледі. Өз сөзінде ол «Нұр Отан» қалыптасқан және дамыған жылдары көптеген жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізіп, елдегі жетекші, ең ауқымды және ықпалды саяси күшке айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар БПҰ төрағасының орынбасары Қуандық Асылбекұлы Рыспаев «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы бойынша сөз сөйледі, нақтырақ айтқанда алдағы онжылдықтың 10 басты мақсаты туралы айтты, олар: белсенді әлеуметтік саясатқа көшу, әркімге қолжетімді болашақ білімді қамтамасыз ету, дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру, жалпыға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі, қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау, азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау, азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру және т.б.
Жиналыс барысында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне екі делегатын сайлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: