Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы болып өтті.
«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 2018 жылғы өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, атап айтқанда, жаңа терминал құрлысы, әуе бағыттары мен жолаушылар ағынын арттыру шаралары мен партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы-бақытты балалық», «Ардагерлерге құрмет», «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел», «Жастар-Отанға» атты жобаларына тоқталды. Сөз соңында ұйым төрағасы Бюроның барлық мүшелерімен партия тобының өкілдеріне белсенді жұмыстары үшін алғыс айтты.
Шара барысында «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрағасын қайта сайлау өткізіліп, нәтижесінде Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы бастауыш партия ұйымының төрағасы болып қайта сайланды.
Бұдан өзге, жиын кезінде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сергеев Владислав Алексеевич баяндама жасады. Өз сөзінде ол, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жөніндегі негізгі қадамдарға жеке-жеке тоқталып оған жетудегі маңызды мақсаттар туралы нақты түсіндіріп берді.
Баяндама барысында Владислав Сергеев Жолдаудың негізгі тетіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, ол Мемлекет басшысының қазақстандықтардың өмірін жақсартудағы бастамасына ерекеше назар аударып, бизнестің өркендеуі үшін жасалатын жайлы жағдай мен білім сапасы және партияның әрбір мүшесін еліміздің өркендеу үрдісіне белсенді түрде қатысуға шақырды.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бастауыш партия ұйымының жұмысына жоғары баға беріп, жиналысты өткізу мен оны ұйымдастырудағы жақсы дайындықты және Бастауыш партия ұйымы бюро мүшелерін сайлау кезінде ыстық ықылас, зор қошемет көрсетіп қолдау білдірген партия мүшелерінің белсенділігін атап өтті.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: